Brent мұнайының бағасы 73,6 доллар болды

677

Saudi Aramco Азияға жеткізілетін негізгі сорттың бағасы қаңтар айында барреліне 0,6 долларға көтерілетінін хабарлады.

Brent мұнайының бағасы 73,6 доллар болды

Эталон сұрыпты мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 5,3%-ға қымбаттап, 73,6 доллар болды. WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 5,8%-ға артып, бір баррелі қазір 70,16 долларға саудаланып жатыр. 

"Нарық қатысушыларын "омикрон" штамының таралуына қатысты жағдай қатты алаңдатып отырған жоқ, сондықтан қазір шикізат бағасы көтерілуде. Жаңа штамның аса қауіпті еместігі анықталды", – дейді Rystad Energy сарапшылары.

Saudi Aramco Азияға жеткізілетін негізгі сорттың бағасы қаңтар айында барреліне 0,6 долларға көтерілетінін хабарлады. Бірқатар маманның айтуынша, бұл фактор шикізаттың қымбаттауына себеп болып отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: Investing.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу