Brent сұрыпты мұнай 83,7 долларға саудаланып жатыр

433

Қара алтын бағасы үш айдағы қымбаттаудан кейін арзандады. 

Brent сұрыпты мұнай 83,7 долларға саудаланып жатыр Фото: РБК Инвестиции

Жұма күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы Мәскеу уақытымен сағат 08:01-де барреліне 83,75 доллар болды. Бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 49 центке төмен. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар 1,32 долларға қымбаттады. (баррель үшін 84,24 долларға дейін).

Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI сұрыпты мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны барреліне 37 центке (0,46%) төмендеп, 79,72 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысына қарағанда бұл 1,31 долларға артық.

Айта кету керек, сарапшылар Brent маркалы мұнай келер жылы қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу