Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай бағасы 3 пайызға көтеріліп, 28,16 доллар болды. Ал WTI бағасы 25,21 долларға жетті.
Еске сала кетсек, жұма күні шикізат бағасы 11 пайызға арзандаған болатын. Содан бері мұнай нарығындағы көрсеткіштер көтеріліп келеді.
Кей сарапшылардың ойынша, коронавирус пандемиясы кесірінен мұнайға деген сұраныс төмендеп кетуі мүмкін. Өйткені карантин кезінде қозғалыс күрт азайып, кәсіпорындардың жұмысы тоқтағаннан кейін жанармайға деген сұраныс азаяды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу