Brent сұрыпты мұнай бағасы 42,28 долларға дейін түсті

629

Америкалық мұнай қоры өсуі мүмкін. 

Brent сұрыпты мұнай бағасы 42,28 долларға дейін түсті

Сауда қорытындысы бойынша эталон маркалы мұнай құны арзандады. Бұған әлемде коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жаһандық экономиканың жандануы тежеледі, осының салдарынан шикізатқа деген сұраныс азаяды деген болжам әсер етіп отыр. 

Brent мұнай баррелінің бағасы 0,15%-ға төмендеп, 42,28 доллар болды. Ал WTI баррелінің бағасы 0,23%-ға арзандап, 40,37 долларға дейін түсті. 

"Мұнай бағасының өсу үшін инвесторлардың әлемдік экономикаға қатысты пікірін өзгеруі керек. Жаһандық экономикаға коронавирус індеті мен оған қарсы вакцинаның шығарылуы тікелей әсер етіп отыр", – AxiCorp сарапшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу