Brent сұрыпты мұнай бағасы 44,16 долларға дейін көтерілді

534

Өткен аптада "қара алтынның" бұл түрі 8,4%-ға қымбаттаған еді.

Brent сұрыпты мұнай бағасы 44,16 долларға дейін көтерілді

Лондонның ICE биржасында Brent сұрыпты мұнайды қаңтарлық фьючерстерінің құны 3,23%-ға қымбаттап, 44,16 доллар болды. WTI мұнайының желтоқсандық фьючерстерінің бағасы 2,34%-ға өсті. Ол қазір 41,07 долларға саудаланып жатыр.
Ескере кететін жайт, Brent бағасы өткен аптада 8,4%-ға, ал WTI бағасы 8,1%-ға көтерілген еді. Мұндай динамикаға BioNTech пен Pfizer компаниялары бірлесе жасаған вакцина туралы соңғы мәліметтер түрткі болды.

ОПЕК+ елдері қаңтар айында шикізат өндірісін қалпына келтіру туралы келісімді кейінге шегеруі мүмкін. Өйткені коронавирус індетінің екінші толқыны басталып, сұраныс азаяды деген қауіп нарықтағыларды алаңдатып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу