Brent сұрыпты мұнай баррелі 3%-ға қымбаттап, бағасы 45 доллардан асты. WTI сұрыпты мұнай бағасы 3,43%-ға көтеріліп, 42,78 доллар болды.
Ескере кететін жайт, әлемдік мұнай бағасы 9 қарашада күрт көтерілген еді. Яғни 9%-ға өсіп, 21 қазаннан бері алғаш рет 43 доллардан асқан болатын.
Сарапшылардың айтуынша, шикізат бағасының қымбаттауына Германияның BioNtech деп аталатын компаниясы мен оның америкалық серіктесі Pfizer-дің коронавирусқа қарсы вакцинасы туралы жаңалық әсер етті. Сонымен қатар АҚШ-тағы сайлау қорытындысы да ықпал етіп отыр деген болжамдар айтылуда.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу