Brent сұрыпты мұнай баррелі 57,06 доллар болды

794

2020 жылдың бірінші жарты жылдығында құбылмалылық сақталуы мүмкін.

Brent сұрыпты мұнай баррелі 57,06 доллар болды

Шикізат бағасының арзандауына жаңа коронавирус эпидемиясының сұранысқа айтарлықтай әсер етуі түрткі. Осы орайда қазір оның экономикалық салдарымен күрес мақсатында экономикалық ынталандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Citigroup Inc. болжамына сүйенсек, мұнай бағасы 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында құбылмалылық танытуы мүмкін. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың сәуірдегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 61 центке арзандап, баррелі 57,06 доллар болды.

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 38 центке төмендеп, баррелі 51,67 долларды құрады.

Эпидемия кесірінен туризм саласы іркіліп,  жеткізу тізбегінің жұмысы да әлсіреді. Қытайдың мұнай өндіруші зауыттары өндіріс көлемін азайтып тастады. Кей сарапшылардың пікірінше, мұнай өнімдеріне деген сұраныс ақпанда күніне 3,4 млн баррельге дейін, ал бірінші тоқсанда күніне 1,5 млн баррельге дейін қысқаруы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу