Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 23 долларға дейін көтерілді

1118

Шикізат нарығындағы құбылмалылық сақталуда. 

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 23 долларға дейін көтерілді

CNBC басылымының соңғы мәліметіне сүйенсек, Лондондағы Ice Futures биржасында Brent сұрыпты мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің құны 2,59 пайызға қымбаттап, 23,38 доллар болды.
Ал Нью-Йорктің тауар биржасында WTI сұрыпты мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 6,12 пайызға көтеріліп, 21,32 доллар болды. 

Шикізат бағасының қымбаттауына Дональд Трамп пен Владимир Путин коронавирус пандемиясы жайын телефон арқылы талқылап, мұнай нарығындағы ахуалға қатысты пікірлерімен алмасуы әсер еткен. Нәтижесін тараптардың Энергетика министрлері алдағы уақытта шикізат нарығына байланысты келіссөздерді жүргізе бастайды.

Еске сала кетсек, 30 наурызда WTI баррелінің бағасы 2002 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсіп кеткен болатын. Кей сарапшылардың пікірінше, құбылмалылық көпке созылады. Тіпті эталон маркалық мұнай бағалары 10 долларға саудаланатын күн де туады деген болжамдар да бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу