Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 63,18 долларға жетті

711

Шикізат бағасы қазан айынан бері тұрақты түрде көтеріліп келеді.  

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 63,18 долларға жетті

Қазір шикізат нарығына екі триггер оң әсерін тигізуде отыр. Бірі – америкалық мұнай қорының азаюы. Екіншісі – ОПЕК+ кездесуі.

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 18 центке қымбаттап, баррелі 63,18 доллар болды.

 Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 6 центке арзандап, барреліне 58,37 долларды құрады.

AxiTrader стратегі Стивен Иннестің айтуынша, АҚШ пен Қытай жақын арада бір-біріне салған салықтың күшін жоюы мүмкін. Бұл өз кезегінде "қара алтын" бағасының көтерілуіне түрткі болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу