Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы көтеріліп келеді

730

Бірақ бұған кері әсер етіп отырған факторлар да бар. 

Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы көтеріліп келеді

Мұнай бағасы көтеріліп келеді. Бірақ Кувейт пен Сауд Арабиясының бейтарап аймақта шикізат өндірісін қайта жаңартуы туралы ақпарат бұған кері әсерін тигізді. Бұған дейін "қара алтын" құны соңғы жеті айдағы ең жоғарғы көрсеткішке ие болған еді. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 25 центке қымбаттап, баррелі 66,39 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 8 центке көтеріліп, баррелі 60,52 долларды құрады.

Қазір мұнай нарығындағы жағдай оңалуда. Өйткені қос экономикалық алпауыт сауда келіссөздерінің екінші кезеңіне қызу дайындалып жатыр. Сондай-ақ триггерлердің қатарында ОПЕК+ елдерінің шикізат өндірісін өсіру туралы шешімі де бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу