Британия мен ЕО Brexit бойынша келісімге келді

697

Бұл ел ресми түрде Еуроодақтан 2020 жылдың 1 ақпанында шыққан болатын.

Британия мен ЕО Brexit бойынша келісімге келді

Еуропалық одақ пен Британия билігі Brexit-тен кейінгі серіктестік туралы келісім жасасты. Тараптар өтпелі кезеңнің соңына дейін, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ортақ мәмілеге келді. 

"Келісім жасалды. Бұл Брюссель мен Лондон арасындағы байланыстың үзілуіне жол бермейді. Қос тарап та ортақ нарыққа ене алады және құжат балық аулау шарттарын қамтамасыз етеді", – дейді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.

Оның айтуынша, Британия одақтан шыққанмен де, ЕО-ның серіктесі болып қалады. Ол қос тараптың мүддесі ортақ екенін мәлім етті.
Британия премьері Борис Джонсон болса, келісім тек Британияға ғана емес, Еуропаға да тиімді деген пікірде. Үкімет басшысының сөзінше, құжат авиация саласы, полиция, шекара және қауіпсіздік қызметтеріндегі түйткілдерді шешуге зор септігін тигізбек. 

Еске сала кетсек, Британия ресми түрде Еуроодақтан 2020 жылдың 1 ақпанында шыққан болатын. Бірақ 2021 жылдың 1 қаңтары дейінгі мерзім өтпелі кезең болып жарияланды. Оған дейін Лондон Брюссельмен келешектегі байланыс туралы келісім жасасуға уағдаласқан еді.

Табиғат Нұрболат
Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу