Дауыс беруге 681 депутат қатысқан. Келісімді 621-і мақұлдаса, 49-ы қарсы шыққан. Ал 13-і дауыс беруден бас тартты. Британия ханшайымы Елизавета II 23 қаңтарда осы келісімге қолын қойған болатын.
Ескере кететін жайт, негізі, Brexit 2019 жылдың 29 наурызында жүзеге асуы керек еді. Бірақ сол уақыттан бері елдің одақтан шығу туралы жоспары жүзеге аспай келді. Қауымдар Палатасы бір емес үш мәрте құжаттың жобасын мақұлдамай тастады. Ел премьер-министрі Борис Джонсон одақтан 31 қазанда келісімсіз-ақ шығарамын деп уәде берсе де, парламеттегілер оған жол бере қоймады. Бірақ Джонсон партиясының төменгі палатадағы орындары көбейген соң, Brexit 2020 жылдың 31 қаңтарына белгіленді.
Десе де ел бір сәтте-ақ одақтан шығып кете салмайды, бұл процесс осы жылдың соңына дейін жалғаспақ. 2021 жылға дейін Британия одақтың нарығында болып, кедендік ережелеріне бағынатын болады.
Табиғат Нұрболат