Бублик Галле турнирінің финалына жолдама алды

113

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германиядағы Галле ATP 500 турнирінің финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бублик Галле турнирінің финалына жолдама алды Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бір рет кездесіп, онда Хачанов жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте ресейлік теннисші брейк жасап, сол басымдылығынан айырылған жоқ — 6:4. Екінші сет соңында Бублик тай-брейкте сәтті ойнай білді — 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:3 болғанда, қазақстандық спортшы брейкке қол жеткізді. Содан кейін төртінші матчболын мүлт жіберген жоқ — 6:4.

Екі сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 19 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Хачанов 15 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Александр Бублик финалда тағы бір ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведевпен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, германиялық Александр Зверевтен айласын асырды — 7:6 (7:3), 6:7 (1:7), 6:4.

Айта кетейік, Александр Бублик 2023 жылы да осы Галле финалында ресейлік Андрей Рублёвті жеңіп, чемпион атанған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу