Банк карталарын онлайн рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін

314

Оған қаржылық қылмыстардың азаймай отырғаны басты себеп.

Банк карталарын онлайн рәсімдеуге тыйым салынуы мүмкін Фото: businessmir.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа норма бойынша қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы 3 айдың ішінде төлемдер қатаң бақыланады.

Мамандардың пікірінше, мұндай өзгерістер қаржы секторының қауіпсіздігін арттырып, кибер қылмыспен күресуге көмек болмақ. 

Жаңа жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) барынша азайту үшін әзірленді.

Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу