Бұдан былай ХҚКО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі көрсетілмейді

2406

Аталған өзгерісті көздейтін бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.  

Бұдан былай ХҚКО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметі көрсетілмейді Фото: egov.kz

Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігі әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы танымал қызметтердің бірі – тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру сервисі енді тек онлайн көрсетіледі.

Өзгеріс тұрғылықты жер бойынша тұрақты тіркеу қызметін де, уақытша тіркеу қызметін де қамтиды.

Пилоттық жоба мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында әзірленгені аталып өтілген.

Бұған дейін 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі өзгерді. Бұл қызмет түрі де толық онлайн форматқа ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу