Бүгін елде ерекше оқу-жаттығу жиыны басталды

Бұл – Қазақстанның батысында бастау алатын "Айбалта-2025" екіжақты жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі. 

Бүгін елде ерекше оқу-жаттығу жиыны басталды Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери жиын 3 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері дабыл арқылы көтеріліп, толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді.

Маневрлерге 3 мыңдай әскери қызметші, 1 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның арасында ұшақтар, тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Оқу-жаттығу 4 кезеңде өтеді. 

Бірінші кезеңде әскери қызметшілер дабыл жарияланған кездегі іс-қимылды пысықтап, белгіленген ауданға аралас тәсілмен марш жасап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.

– Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыру, қазіргі заманғы ұрыс жүргізу әдістемесін жетілдіру, жауынгерлік жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін сынақтан өткізу, – деп жазылған ресми хабарламада. 

Практикалық әрекеттер күндізгі және түнгі уақытта, қорғаныс және шабуыл операцияларын жүргізу жағдайында, ұшқышсыз жүйелерді қолдана отырып өткізіледі. Оқу-жаттығу барысында әскер тектерінің өзара іс-қимылы, командалық басқару дағдылары жетілдіріледі, логистика, тактикалық байланыс және бөлімшелердің күрделі климаттық жағдайда маневр жасау қабілеті пысықталады.

"Айбалта-2025" оқу-жаттығуы 2025 жылдың 3 қазанына дейін жалғаспақ.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға өте маңызды хабарлама жасағанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу