“Біз алғаш рет – мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз.
Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік) сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд. теңге қаржыға өтінім білдірді. Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады”, деп жазды министр.
Оның айтуынша, бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсекелік орта қалыптастырудың айқын мысалы. Бұдан бөлек, сауда-саттық бюджетті толықтыруға ықпал етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу