Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы бүгін өтетінін еске салды. Бұған дейін отырыстың өтетін уақыты екі рет ауысқан болатын.
"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бюро мүшелері партиялық "жаңғырту" бағдарламасының жүзеге асырылуы және партияішілік сайлау – праймеризді өткізу барысын талқылайды",– деп жазды твиттерде Айдос Үкібай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу