Бүгін өзара қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылды

208

Бүгін Қытай мен Қазақстан көшбасшыларының "Ақордадағы" ресми кездесуі аясында өзара қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылу рәсімі өтті. 

Бүгін өзара қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылды Фото: Агибай Аяпбергенов

Сонымен қатар Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филалы ресми ашылды, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

Орталықтың ашылуын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели жариялады. 

"Қазақстан Республикасының Бейжің қаласында, Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз", – деді Аида Балаева. 

Орталық қызметінің негізгі бағыты музей және кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйрету болады деп  жоспарланған. Бұған дейін мәжіліс депутаттары мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді қолдаған болатын.

Тағы бір келісімнің нәтижесі бүгін жарияланды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалын ресми түрде ашылғанын жариялады. Қыркүйектен бастап онда қазақстандық 100 студент білім алатын болады.

"Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филалы ашылмақ. Алғашқы 100 студент биыл оқуын бастайды. Филиал ашуға дайынбыз", — деді министр.

Бейжің тіл және мәдениет университеті –Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Филиал қабырғасында алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Енді қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу