Бүгін түнде аспаннан ең жарық Айды тамашалауға болады

1554

Бүгін түнде аспаннан ең жарық Айды тамашалауға болады

Бүгін Жер мен Ай сонау 1948 жылдан бері бір-біріне ең жақын арақашықтықта айналып өтеді. "Суперай" деген атау берілген бұл құбылыс енді тек 2034 жылы ғана қайталанады, деп хабарлайды NASA сайтына сілтеме жасаған 24 Хабар.

Жалпы бұл құбылыс кезінде Ай мен Жердің арақашықтығы 30 мың шақырымға дейін қысқарады. Ал Айдың көлемі әдеттегісінен 15%-ға үлкенірек болады. Әдетте әуесқой астрономдар бұл құбылысты камераға түсіріп алып, онысын ғаламторға жариялап, жұртпен бөліседі. Айта кету керек, Жер тұрғындары ең жарық Айды өз елінің орналасу ерекшелігіне байланысты әртүрлі уақытта бақылайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу