Бурабайда ресейлік азаматша белгісіз жағдайда көз жұмды

631

Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған. 

Бурабайда ресейлік азаматша белгісіз жағдайда көз жұмды Фото: Кокшетау онлайн

Щучинск қаласында 1997 жылы туған жас әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты aqmolive Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Мәйіт 11 наурыз күні таңертең "Балдәурен" лагері бағытындағы шлагбаумның жанынан табылды.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған Ресей азаматы Татьяна Михайлова екені анықталды . Ол соңғы екі жылда Щучинск қаласында жігітімен бірге тұрған.

Алдыңғы күні түскі ас кезінде ол қаңғыбас иттерді тамақтандыруға кеткен. Жігіттің айтуынша, Татьяна кешкі сағат 19:00-де қоңырау шалып, қатты жаурап қалғанын айтып, оған ыстық ванна дайындауды өтінген. Алайда содан кейін байланысқа шықпады. Ол алкоголь ішпеген, есепте жоқ.

Ақмола облысының полиция департаменті мәйітті алғашқы тексеру кезінде қандай да бір дене жарақаты анықталмағанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Сараптама нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу