БҰҰ Мьянмаға 5 миллион доллар бөлді

251

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықаралық қауымдастық елге гуманитарлық көмек пен құтқарушыларын жаппай жіберіп жатыр.  

БҰҰ Мьянмаға 5 миллион доллар бөлді Фото: xinhuanet.com

Ал Қытай 14 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеп, 37 құтқарушыдан тұратын арнайы топ аттандырды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Синхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей оқиға орнына 30 құтқарушы жіберіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Үндістан да гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жөнелткен.

Оңтүстік Корея зардап шеккендерге 2 миллион доллар бөлмек. Малайзия 50 құтқарушыдан тұратын екі топты көмекке аттандырып жатыр. Сонымен қатар Үндістан, Сингапур және Таиландтан да құтқарушылар көмекке келеді.

Қазіргі уақытта халықаралық құтқару топтары Мьянмада жер сілкінісінің салдарын жою, үйінділер астында қалғандарды іздеу және гуманитарлық көмек тарату жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа Еуропа елдері көмек беретінін мәлімдеп, өзара ақылдасуға кірісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу