Былтыр 1 млрд теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқығы қорғалған

246

Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардан өтініштер қабылдау үшін түрлі байланыс арналарын пайдаланады.  

Былтыр 1 млрд теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқығы қорғалған Фото: freepik

2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқығы қорғалды. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, негізінен өтініштер еОtinish-тің жедел желісіне (23,7%), телеграм-ботына (14,3%) келіп түседі.

“Өтініштердің 43,3%-ын қарау нәтижесінде тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, 37,5% жағдайда тұтынушылардың талабы қанағаттандырылды. Тағы 17,4%-ы бірлескен жұмыс үшін бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді. Өтініштердің 1,2%-ы ғана талап-арызға жатады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 63 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Тағы 618 бизнес иесіне ескерту берілді”, - деді спикер. 

Бұдан басқа өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 млрд теңгеден сомаға тұтынушылардың құқығы қорғалды.

Айта кету керек, осыған дейін тұтынушылар қай мәселелерге жиі шағымданатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу