Былтыр Алматыға келген туристер саны бұрынғыдан 72,7% аз болды

1071

2020 жылы туризм индустриясы - коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. Қазір қазақстандық туристер қайда жиі саяхаттайды және ішкі нарық қалай өсті? 

Былтыр Алматыға келген туристер саны бұрынғыдан 72,7% аз болды

Inbusiness.kz ведомстволардың ҚазАқпараттың арнайы сауалына берген жауабын ұсынады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 шетелге шыққан туристер саны 67% азайып, 269 мың адамды құрады. 

"2020 жылы туризм индустриясы коронавирус пандемиясынан экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының бірі болды. 2020 жылы Алматыға 163,8 мың шетелдік турист келді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 72,7% -ға аз. Ішкі туристер саны 624,9 мың адамды құрады. (-30,4%, 2019 ж. - 898,5 мың адам)", - деп жазылған комитет мәліметінде.

Алматы қаласының туризм басқармасының ақпаратына сүйенсек, қазіргі қалыптасқан жағдайларға байланысты туристер ТМД, Түркия, Араб елдерін таңдайды.

"Осыған қарамастан, ішкі туристердің саны 422 мың адамға жетті. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз ішкі туризмге ерекше назар аударамыз. Негізінен таулы аймақтарда туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, былтыр орталықтар, глэмпинг қонақ үйлер салынды, тау соқпағы абаттандырылды. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл тікұшақ алаңы, лашықтар салынады. Таулы аймақтарда туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құруды жоспарлап отырмыз", - деген басқармадан.

Бүгінгі таңда саланың кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Жыл сайын экскурсоводтарға арналған семинарлар, әуежай, теміржол вокзалдары қызметкерлері үшін тренингтер ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша, алғаш рет музей, театр, кітапхана қызметкерлеріне ағылшын тілінен онлайн курс өткізу жоспарланып отыр. Оған 667 адам қатысады.

Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметінше, 2021 жылы туристер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 22-55% -ға өседі.

Дегенмен бұл сала алдағы төрт жыл ішінде пандемияның әсерінен зардап шегуі мүмкін.

"Халықаралық тенденциялар мен сарапшылардың пікірін ескере отырып, біз 2021 жылы Алматы қаласына туристердің (сыртқы және ішкі) санын 25% көбейтуді жоспарлап отырмыз, бұл 921 мың адам. Алматы қаласының туризм басқармасы 2024 жылға қарай туристер санын 1,2 млнға жеткізуді көздеп отыр. Эпидемиологиялық ахуалды жақсаратын болса, жыл сайынғы өсім 6-7% болады", - деп атап өтті басқармадағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу