Былтыр артық шығынды алып тастау есебінен 400 млрд теңге үнемделген

217

Үкімет бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтады. 

Былтыр артық шығынды алып тастау есебінен 400 млрд теңге үнемделген Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шығындарды оңтайландыру есебінен қанша қаражат үнемделгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жыл бойынша оңтайландыру есебінен шамамен 400 млрд теңге үнемделді. Біз бұл бағытта үнемі жұмыс істеп келеміз. Негізінен бюджеттің кіріс бөлігі әрі шығыс бөлігі бар. Сондай-ақ резервте тұрған шығындар да бар", - деді Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет салықтарға қатысты өзінің ұстанымын айтқанын жазғанбыз. Енді байлар салықты көбірек төлейтін болады. Қосылған құн салығы 16% болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу