Былтыр қазақстандықтар 21 мың дана алтын құймасын сатып алған

1227

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Былтыр қазақстандықтар 21 мың дана алтын құймасын сатып алған

"2020 жылы Қазақстан азаматтары екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ақша айырбастау пунктілерінен жалпы салмағы 890 келі 21 099 дана алтын құймасын сатып алған. Осылайша 2019 жылмен салыстырғанда сұраныс 34%-ға артқан", – деп жазылған хабарламада. 

Реттеуші мәліметіне сәйкес, халық 100 граммдық құймаларға басымдық берген. Жылпы алтын құймаларын сату көрсеткішінде оның үлесі 28%-ды немесе 5859 дананы құрады. Одан кейінгі орында 20 граммдық және 50 граммдық құймалар. 
Өңірлер бойынша бағалы металды Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырауда сұранысқа ие болған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу