Былтыр Жамбыл облысында 36 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды

1136

Биыл 31 746 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.  

Былтыр Жамбыл облысында 36 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында Президенттің тапсырмасына сәйкес халықты жұмыспен қамту шаралары белсенді жүргізілуде. Өткен жылы өңірде 36 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, "Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу" мақсатында 21 045 жұмыс орын құрылған.

Сондай-ақ ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66 202 адам тартылып, көрсеткіш 122,2 пайызға орындалған. Бос жұмыс орындарына – 36 018, алғашқы жұмыс орындарына – 574, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1072, жастар практикасымен – 3 047 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 256 жұмыссыз тартылған. Бұдан бөлек, "Күміс жас" жобасына – 800, Ұрпақтар келісімшартына – 29, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқыту курстарына – 973, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына – 432, онлайн оқытуға – 2 682, "Бастау бизнес курстарына" 9 274 адам жолданып, 1 045 азамат мемлекеттік грант алған.

Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45 253 адам болса, есепті кезеңге 51 796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайызға орындалған. Соның ішінде тұрақты жұмысқа 36 018 адам жолданып, көрсеткіш 113,5 пайызға жеткен.

2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 622 азамат тартылады деп жоспарлануда, оның 31 746-ы тұрақты жұмыс орындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу