Бюджет кодексінің жобасы талқылауға шығарылды

Еліміздің жаңа Бюджет кодексінің жобасы әзірленіп, "Ашық НҚА" поталында қазақстандықтардың талқысына шығарылды. 

Бюджет кодексінің жобасы талқылауға шығарылды Фото: dknews.kz

Құжат жобасы бірнеше қадамнан тұрады.

Атап, айтқанда: 

1. Қолданыстағы бюджет заңнамасымен сабақтастық және нормалардың редакцияларын екіұшты түсіндіру мен жетілдіруді қоспағанда мазмұнның актамдылығын қамтамасыз ету;

2. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидатын күшейту;

3. Мемлекеттік қаржыны басқарудың негізгі құралдарын белгілеу бөлігінде кодексті реттеу өрісін кеңейту;

4. Бюджеттік процеске қатысушылардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджеттік құжаттардың кезеңдері мен санын қысқарту жолымен бюджеттік процесті оңайлату;

5. Ұлттық қордың қаражатын тек сыни инфрақұрылым объектілеріне және жалпыхалықтық маңызы бар объектілерге пайдалануды шектеу;

6. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы ұсынымдарына сәйкес, Парламентке жарияланатын және ұсынылатын бюджеттік ақпараттың санын ұлғайту және сапасын көтеру арқылы транспаренттілікті, есептілікті және ашықтықты қамтамасыз ету.

"Жаңа Бюджет кодексін қабылдау Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" жаңа Бюджет кодексі шеңберінде бюджеттік процесті түбегейлі оңайлату қажеттілігіне, "бюджетті басқарудан" "нәтижелерді басқаруға" көшу жолымен бюджеттік саясат моделін реформалауға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейте отырып, блоктық бюджет элементтерін енгізуге, бюджеттік саясаттың шекті параметрлерін айқындауға байланысты мәселелерді қарау туралы міндет қойылды, Ұлттық қордан нысаналы трансферт қаражатын тек қана сыни инфрақұрылымды дамытуға және жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды іске асыруға, сондай-ақ республикалық бюджеттен жергілікті бюджет деңгейіне салық түсімдері мен шығыстарының қосымша түрлерін беру жолымен фискалдық орталықсыздандыруды күшейтуге бағыттау арқылы жүзеге асырылады", – деп жазылған құжатта. 

Бюджет кодексінің жаңа редакциясы Қазақстанның неғұрлым тиімді және ашық бюджет жүйесін құруға, Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыруға, бюджеттік процеске қатысушылардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақтылауға және нақты айқындауға, бюджеттік рәсімдерді ретке келтіруге, салынған бюджет қаражатынан нәтижелілікті арттыруға, сондай-ақ бюджет саласында нақты мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 

Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау елдің тұрақты дамуын және оның қаржысының ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бюджет кодексінің жобасы бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу