Бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша бастапқы жарнадан босатылуы мүмкін

610

Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша бастапқы жарнадан босатылуы мүмкін. Алайда бұл тек ұсыныс қана. Бастаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер көтерді. Құжат Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша бастапқы жарнадан босатылуы мүмкін

Оған сәйкес, 2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлері үшін бастапқы жарнаны алып тастау мәселесін пысықтау ұсынылады. Енді жобаны Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Ұлттық банк қарастыруы керек. Құжат қаралғаннан кейін президент әкімшілігіне жіберіледі. Ұсыныс 10 желтоқсанға дейін порталда, көпшіліктің талқылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу