Бюджеттік ұйымдардың коммуналдық қызмет үшін берешегі 40 пайызға ұлғайған

435

Бюджеттік ұйымдардың коммуналдық қызмет үшін берешегі 40 пайызға ұлғайған

Павлодар облысында бюджеттік ұйымдардың 1 сәуірдегі жағдай бойынша коммуналдық қызмет үшін берешегі 149,5 млн теңгені құраған. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қарыз 42,7 млн теңгеге немесе 40 пайызға ұлғайған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Павлодар қаласында бюджеттік ұйымдарының берешектерінің 34,8-ден 71,9 миллион теңгеге дейін, 37 миллион теңгеге немесе 2,1 есеге жоғарылауы байқалады, - деді Ержан Иманзайыпов. - Павлодар қаласының берешегі облыстың барлық бюджеттік ұйымдарының жалпы берешегінің 48 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласында бюджеттік ұйымдардың берешегінің 31,6-дан 56,9 миллион теңгеге, Ертіс ауданы 582-ден 2 474 мың теңгеге, Лебяжі ауданы 113-тен 1 948 мың теңгеге, Успен 926-дан 2 622 мың теңгеге, Май аудандарында 800-ден 1 283 мың теңгеге және Ақсу қаласының ауылдық аймағында 1 410-нан 1 987 мың теңгеге дейін жоғарылауы байқалады. 2017-2018 жылдардың жылу беру маусымы штаттық режімде өтті".

Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтың көбінесе мемлекеттік мекемелерді меншік иелеріне тапсырған кезде берешек пайда болатынын атап өтті.

"Мерзімі өтіп кеткен қарыздардың түрлі себептері бар, - деді қала әкімі Нұржан Әшімбетов. - Мойылды бойынша үлкен берешек жиналып қалған. Бір кездері сол жерде "Каустик" АҚ-нан кентке дейін электр желісін тұрғызған. Нысанды құрылыс бөлімінің балансына қалдырған. Бұл мәселе сот арқылы шешіледі".

Ержан Иманзайыповтың айтуынша, тұрғындардың берешегі 2 144,5 млн теңгені құрайды. Былтырғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 12,4 млн теңгеге немесе 0,6 пайызға артқан. Павлодар қаласы бойынша қарыз 733,7-ден 765,6 млн теңгеге, Ақсу қаласында 286,3-тен 318,5 млн теңгеге дейін артқан.

Екібастұз қаласы халқының берешегі жоғары деңгейде қалуда. Жалпы облыстың берешегінен 959,3 млн теңге немесе 44,7 пайызға, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43,1 млн теңгеге немесе 4,3 пайызға төмендеген.

Басқа тұтынушылар бойынша берешек 660,2 млн теңгені құрайды. Былтырғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,4 млн теңгеге немесе 11,1 пайызға төмендеген.

"Қазір жылу маусымы аяқталды, - деді Болат Бақауов. - Жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес уақытында жүргізу керек. Қазан-қараша айларында ешбір жұмыс жасай алмайсыздар. Ең қолайлы кезең - мамыр, маусым және шілде айлары. Жылу маусымына дайындықтық бақылауда ұстау қажет".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу