ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды

70

OpenAI өкілі оның өлімін растады.

ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды Фото: thepeoplesvoice.tv

OpenAI зерттеу ұйымын ChatGPT бойынша заңды бұзды деп айыптаған бұрынғы қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты СNBC басылымына сілтеме жасап.

26 жастағы Сухир Баладжидің мәйіті бірнеше апта бұрын Сан-Францискодағы пәтерінен табылған.

Баладжи компанияда чат-бот жасау кезінде АҚШ-тың авторлық құқық туралы заңын бұзды деп айыптап, OpenAI қызметінен кеткен.

Қалалық бас медициналық сараптама кеңсесінің атқарушы директоры Дэвид Серрано Сьюэллдің айтуынша, сот-медициналық сарапшылар Баладжи өз-өзіне қол жұмсады деген қорытындыға келген.

"Бүгін бұл жаңалықты естіп, қатты қайғырдық", – деді OpenAI өкілі.

Сухеер Баладжи OpenAI-де төрт жылға жуық жасанды интеллект зерттеушісі ретінде жұмыс істеген. Ол ChatGPT әзірлеуде пайдаланылған деректердің үлкен көлемін жинауға және ұйымдастыруға көмектескен. Ол компаниядан тамыз айында кеткен. Күзде The New York Times (NYT) газетіне сұхбат беріп, онда ол OpenAI-тің ChatGPT әзірлеуде басқа біреудің авторлық құқығын бұзып, қорғалған зияткерлік меншігін пайдалануы заңды бұзатынын айтқан. Ер адам мұндай технологиялар қоғамға пайдасынан гөрі зиянын көп тигізетінін жеткізген.

Жасанды интеллект компаниялары, соның ішінде OpenAI, соңғы екі жылда бағдарламашылар, суретшілер, рекордтық брендтер, кітап авторлары және БАҚ өкілдерімен соттасты.

Талапкерлердің қатарында америкалық бизнесмен Илон Маск та бар. 2024 жылдың ақпанында ол OpenAI-ді келісім-шарт талаптарын бұзғанын жеткізді. Сондай-ақ, адамзат игілігі үшін AI технологияларын жасау бойынша бастапқыда айтылған миссиясынан бас тартты деп айыптады. Ал, маусым айында Маск өз шағымынан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу