Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен жүргенде жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Чех басшысының кеңсесі Х әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Республика Президенті мотоциклмен жүру кезінде жарақат алды. Жарақаттар ауыр емес, бірақ дәрігерлердің қысқа мерзімді бақылауын қажет етеді", — делінген хабарламада.
Чех көшбасшысы Прагадағы Орталық әскери госпитальға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу