Чехиялық сиырларды Словакияның құжаттарымен елге кіргізбек болды

881

Кәсіпкерлер 50 бас сиырды асылтұқымды деп көрсетпек болған.

Чехиялық сиырларды Словакияның құжаттарымен елге кіргізбек болды

Былтырдан бері Чехиядан Қазақстан аумағына ірі қара кіргізуге уақытша шектеу қойылған болатын. Осыны білетін кәсіпкерлер жалған құжат жасау арқылы шекаралық бақылаудан кедергісіз өтпек болған.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Агро-Комплекс-Сулышок" компаниясына Словакиядан 50 бас асыл тұқымды ірі қараны импорттауға ветеринарлық рұқсат берген болатын. Ветеринарлық сертификатты тексеру барысында малдың Чехиядан алынғаны белгілі болды. Бұған дейін Чех Республикасының уәкілетті органдары бірнеше рет жалған  ветеринариялық сертификаттар мен куәліктер беру арқылы қарапайым малды "асыл тұқымды" мал ретінде экспорттау фактілерін тіркеген болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты сот процесі басталды", – делінген АШМ-нің баспасөз мәліметінде. 

Министрліктің мәліметіне сенсек, бассыздыққа бастамашы болған "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС-гее 50 бас ірі қараны келген еліне қайтару туралы нұсқау берілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу