Челлендж: Тараз әкімінің портреті де бұзылған көшеге қойылды

902

Тараздағы жөнделмеген Шостакович көшесіне қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың суреті бар тақтайша қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Челлендж: Тараз әкімінің портреті де бұзылған көшеге қойылды

Суретте "күрделі жөндеу жүргізгеніңізге рақмет" деп жазылған.

Акцияны ұйымдастырған жастар нашар жолда жол апатына ұшырағандар туралы видеоролик те жариялаған.

Айта кету керек, бұл челлендж 26 мамырда Өскеменде басталған. Онда ой-шұңқыры көп көшелерге қала әкімі Жақсылық Омардың суреті бар тақтайшалар орнатылған.

Тараз жастарының ролигі бірнеше сағаттан кейін жойылды, "ақпаратты асығыс бердік, алда күрделі жөндеу болатынын білмедік" деп әкімнен кешірім сұрады.

Тараз әкімдігінен хабарлағандай, аталмыш көшеде тендер өткеннен кейін күрделі жөндеу басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу