Өскемендіктер көшедегі ой-шұңқырға Жақсылық Омардың суретін орнатып жатыр

2367

Өскемендіктер бұзылған жолдарға қала әкімі Жақсылық Омардың суреті бар тақтайшаларды қадап кетіп жатыр. Бұл "челлендж" туралы қоғам белсендісі Нәсима Қорғанбеков фейсбук желісінде жариялады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Өскемендіктер көшедегі ой-шұңқырға Жақсылық Омардың суретін орнатып жатыр

Суретте "Ең дұрыс жөндеу – Омарды отставкаға шығару" деп жазылған.

"Жарайсың, ШҚО. Жалғастыра беріңдер!", – деп жазды ол.

Қоғам белсендісінің айтуына қарағанда, челленж проблемаға билік назарын аударту мақсатында пайда болды.

Еске салайық, жуықта Жақсылық Омар сотта жеңіліп айыппұл төлеген болатын. Оны қала тұрғыны нашар автобустар үшін сотқа берген .

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов бұл жағдайдан кейін "Жақсылық Омардың потенциалы бар" деп пікір білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу