Ахметов Омар туралы: "не ошибается тот, кто не работает"

1490

Төрт жылға жуық Өскемен қаласының әкімі болса да қоғамдық көлік мәселесін шеше алмаған Жақсылық Омардан халық үміт үзсе де, облыс әкімі Даниал Ахметов әлі сене береді. 

Ахметов Омар туралы: "не ошибается тот, кто не работает"

Осы жерде түсіндіре кетейік, Вера Томская есімді белсенді азамат қаладағы қоғамдық көлік қатынасы нашарлығы мен ескілігі мәселесін көтеріп, Жақсылық Омарды сотқа берді. Сот міндетін орындамаған әкімнен 159 мың теңге айыппұл өндіріп алды. Міндеті әлі мойынында қалып отыр.

Осыған қатысты үкімет кулуарында журналист Тасқын Болатұлы Ахметов мырзаның пікірін сұрап көрген болатын. Ол әкімдерде бірсыпыра кемшілік болатынын жасырмады.

"Барша әкімде бірсыпыра кемшілік болады. Бірақ Жақсылық Омардың өз жұмысын атқаратын потенциалы бар екеніне [мен сенемін]" - деді жүре жауап берген Ахметов. 

"Әкімге күнде айыппұл салынып жатқан жоқ қой", - деп жалғасты сұрақ қойды әріптесіміз.

"Не ошибается тот, кто не работает", - деді Ахметов.

Алайда облыс орталығындағы қоғамдық көлік мәселесі неге шешілмей жатыр деген сұрақ бірнеше рет қайталанса да, жауап бермеген қалпы кете барды.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу