"Еститін мемлекеттің" заңға бағынбайтын өкілі Жақсылық Омардың әрекетсіздігіне қатысты судья түсіндіруі

863

"Еститін мемлекеттің" заңға бағынбайтын өкілі, яғни Өскемен әкімі Жақсылық Омар және қала әкімдігіне қарасты "ТҮКШ" бөлімі 159 мың теңгеден айыппұл төлегенін кеше жазған едік. Осы орайда әкім мен әкімдік артылған міндеттерін тағы орындамай қойса не болады деген сауалды inbusiness.kz тілшісі шығысқазақстандық судья Махаббат Мағзұмоваға қойған болатын.

"Еститін мемлекеттің" заңға бағынбайтын өкілі Жақсылық Омардың әрекетсіздігіне қатысты судья түсіндіруі

"Аблакетка кентінің тұрғыны өзі тұратын кенттегі автобус тасымалы заңнамаға сәйкес емес екеніне шағымданды. Әуелі сот шешімімен екі тарап бейбіт келісімге келді. Келісім аясында әкім мен әкімдік бөліміне міндеттеме қойылды және сол бойынша орындалуға тиіс мерзімі белгіленді. Алайда келісім орындалмады. Әкім мен "ТҮКШ" бөлімінен жеке-жеке 50 АЕК көлемінде қаражат өндіріп алынды. Жұмысын орындауға жаңа мерзім белгіленді. Егер атылған міндетті алдағы уақытта да орындамаса және солай жалғаса берсе үстіне 10 АЕК қосылып отырады, әр жолы айыппұл көлемі арта береді. Бірақ түбі бұлай жалғаса бермейтіні, міндетін орындайтыны анық", – дейді Мағзұмова.

Еске саламыз, Өскемендегі Аблакетка кентінің тұрғындары қоғамдық көліктің нашар қатынайтынына сотқа шағымданған. 1 ақпанда Аблакетка кенті тұрғындарының бастамашыл тобының жетекшісі Вера Томская және облыс орталығының әкімі, сондай – ақ ТҮКШ бөлімінің арасында қоғамдық көліктің жұмысына қатысты медиативтік келісім жасалды. Қалалық ТҮКШ бөлімі Аблакетка бағытында маршруттарға қызмет көрсету құқығына тендер жариялау міндеттемесін алған. Кем дегенде үш маршрут шығаруы керек еді. Тендер өткізіліп, жеңімпаз анықталғаннан кейін шартқа бірқатар міндетті шарттар енгізілетін болады. Атап айтқанда, жолда қыста кемінде 21 автобустың болуы, жазда – саяжай маршруттары ұзақтығының ұлғаюын ескере отырып көбірек автобус шығару; қозғалыстың басталуы сағат 5-50-де, аяқталуы 22-00-де болуы керек еді. Ал қозғалыс аралығы жұмыс күндері 5-7 минут, демалыс күндері – 10 минут болмақ. GPS пен валидаторлар тұрақты жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ, 1 сәуірге дейін ТҮКШ бөлімі осы бағыттағы барлық аялдамаларды маршруттар мен қозғалыс кестесі көрсетілген тақтайшалармен жабдықтауға міндеттенді.

Әкім мен әкімдіктің бүгінге дейін орындамаған міндеті осындай.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу