Чилидің бұрынғы президенті тікұшақ апатынан қаза тапты

388

Тікұшақтың құлауына қандай жағдай себеп болғаны белгісіз.

Чилидің бұрынғы президенті тікұшақ апатынан қаза тапты Фото: Time

Чилидің бұрынғы президенті Себастьян Пинера тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап. 

ІІМ Каролина Тоханың хабарлауынша, тікұшақ жергілікті уақытпен 15:00 шамасында Лос-Риос ауданынының оңтүстігіндегі Илиуэ елді мекенінде апатқа ұшыраған. Бортта 4 адам болған, оның үшеуі аман қалды. 

Тікұшақтың құлауына қандай жағдай себеп болғаны белгісіз, бірақ сол сәтте қатты нөсер болғаны айтылады.

74 жастағы Себастьян Пинера 2010-2014 жылдары және 2018-2022 жылдары екі рет президент қызметін атқарған. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Чилиде 3 күндік аза тұту күні жарияланбақ. 

Айта кетсек, ел басынан онсыз да қаралы күндер өтіп жатыр. 5 күн бұрын басталған алапат орман өрті 120-дан астам адамның өмірін жалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу