Чиншанло, Подобедова және Манезаны чемпиондық атақтарынан айырды

1215

Чиншанло, Подобедова және Манезаны чемпиондық атақтарынан айырды

Халықаралық Олимпиада комитеті үш бірдей қазақстандық ауыр атлетті 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлделерінен айырды. Бұл туралы комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап BAQ.kz  хабарлап отыр.

Лондон Олимпиадасында алтыннан алқа таққан Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедова жүлделерінен айырылды.

Енді жақын арада үш спортшы да алтын медалін Халықаралық Олимпиада комитетіне қайтарып беруі тиіс.

Айта кетейік, кеше 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің қайта тапсырған сынамасынан допинг табылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу