Цифрландыру үнемі экономикалық лайықты әсер бермейді

595

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елді цифрландыруға жұмсалған бюджет қаражаты шығындарына жасалған талдау нәтижелерін жариялады.  

Цифрландыру үнемі экономикалық лайықты әсер бермейді Фото: egemen.kz

Агенттік ұсынған дерекке сәйкес, govarch.kz ақпараттық жүйелердің деректер есебі құрылған соңғы 8 жылда 578 ақпараттық жүйе жасалған. Оған 400 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру туралы" брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның дерегінше, бұл ақпараттық жүйелердің барлығының бірдей қажеттілігі айқын болмағандықтан, баға белгілеудегі ашықтықтың болмауы және сатып алу процедураларының жабық өтуінен бұл жүйелердің үштен бірі (578 дің 178-і) қажет емес деп танылып, оларды жабу ұсынылған.

"Отандық бағдарлама әзірлеушілер нарығы 5 квазимемлекеттік компанияның қолында шоғырланған, олар бөлінген қаражаттың 50%-дан астамын алған. Квазимемлекеттік сектор тапсырыс берушілері IT жасақтаманың құнын өз бетінше анықтайды, олар Цифрландыру министрлігінің қорытындысы керек емес. Нәтижесінде квазимемлекеттік сектор ішіндегі және мемлекеттік органдардағы  бір типті бағдарламалар құнының айырмашылығы 10 млрдтаған теңгеге жетеді", - дейді Саян Ахметжанов.

Оның сөзінше, цифрландыру үнемі лайықты экономикалық әсер бере бермейді.

"Атап айтқанда 2012-2015 жж "ҚазақстанТемірЖолы" ҰҚ "Энергодиспетчерская тяга" ақпараттық жүйесіне 96 млрд теңге жұмсау арқылы 2025 жылға қарай жанар майдан 100 млрд теңге үнемдеуді көздеген. Алайда локомотив бригадалары бұл бағдарламаны елемейді де, бұл оның күтілген экономикалық әсерін жоққа тән етті", - дейді спикер.

Превенция қызметінің басшысы дерегінше, мемлекеттік сектор жұмыс бағасын қасақана көтеріп отырғанын жабу үшін сауда-саттықты жабық жағдайда өткізеді. Ал, талдау барысында ашық сауда-саттықта мұндай жұмыстардың құны анағұрлым арзан екені анықталады.

"2019 жылы ШҚО әкімшілігі видеотіркеу мен құжатайналымы бойынша 4 платформаны 9,3 млрд теңгеге сатып алған. Ал өзге аймақтарда оларды сатып алуға 24 млн теңгеден бастап қаражат жұмсалған", - дейді Саян Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу