Цифрлық даму министрлігіне жаңа міндеттер берілуі мүмкін

453

Барлық өзгеріс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мақұлдауымен жүзеге асырылады.  

Цифрлық даму министрлігіне жаңа міндеттер берілуі мүмкін

Бұл туралы "Киберқауіпсіз Нұр-Сұлтан 2020" оқу-жаттығулары барысында айтылды. Осылайша болашақта Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің орталық аппаратына  жеке ақпараттар саласында қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің кей шешімдеріне қатысты ұсынылған өзгерістер мен қосымшаларды мақұлдау", - деп жазылған қаулы жобасында.

Өзгерістерге сәйкес Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің орталық аппаратына электронды ақпараттық ресурстардағы жеке ақпараттарға қатысты үдерістерді әзірлеу, мақұлдау, өңдеу және таратуға қатысты қосымша құқық берілмек. Әрине, мұның барлығы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мақұлдауымен жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар жиында елдегі киберқауіпсіздік мәселесі көтерілді. Себебі биыл елімізде кибер шауылдар саны 2,7 есе артқан. Мамандар мұны қашықтықтан жұмыс істеумен және білім берумен форматымен байланыстырып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу