CҚО әкімі су тасқыны қаупі бар аумақтарды әуеден тексерді

107

Өңір басшысы аудан әкімдерімен және СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар аумақтарға аэровизуалды мониторинг жүргізді. 

CҚО әкімі су тасқыны қаупі бар аумақтарды әуеден тексерді Фото: CҚО әкімдігі

Әуеден өңірдегі гидрологиялық ахуал жан-жақты бағаланып, көктемгі үдерістердің даму барысы сараланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мониторинг барысында Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Есіл, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Тайынша аудандары,  Үлкен және Кіші Таранғұл алаптарына кіретін өзен арналары, Шағалалы өзені және Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасы қамтылды.

  • Үлкен Таранғұл көліндегі ылғал қоры өткен жылмен салыстырғанда шамамен 74 пайызға төмен;
  • Есіл ауданында қар қорының қарқынды азаю үрдісі байқалады;
  • Өзге аудандарда тәуекелдер негізінен жергілікті сипатта болып, еріген қар суларының келуі және мұз қабатының әлсіреуімен байланысты.
  • Шағалалы өзенінде су деңгейінің аздап көтерілуі тіркелгенімен, көрсеткіштер өткен жылғы деңгейден төмен. Қазіргі уақытта мұз жамылғысының біртіндеп босаңсуы байқалуда.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен және "Қазсушар" РМК Ақмола филиалымен келісім негізінде 28 ақпаннан бастап Сілеті су қоймасынан суды алдын ала жіберу жұмыстары басталды. Бұл шаралар су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізуге және су деңгейінің күрт көтерілу қаупін төмендетуге бағытталған.

Синоптикалық болжамдарға сәйкес, 25 наурыздан бастап ауа температурасының көтерілуіне байланысты көктемгі үдерістердің белсенді кезеңі басталады. Осыған орай барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жағдай  тұрақты бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу