CҚО-да су тарифі төмендеді

357

Тимирязев ауданының Тимирязево ауылында талдау жүргізу кезінде жоғары тариф бойынша су үшін ақы алу фактісі анықталды. 

CҚО-да су тарифі төмендеді Фото: freepik.com

Табиғи монополиялар субъектісі "Табиғи монополиялар туралы" Заңның талаптарын бұза отырып, 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы тамызға дейін уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде тұрғындардан сумен жабдықтау қызметтері үшін 59,79 теңге/м3 орнына 88,45 теңге/м3 мөлшерінде ақы алды.

Халық үшін асып кетуі 28,66 теңге/ м3 немесе бекітілген тарифтен 32% құрады.

Сол сияқты, жоғары тариф бойынша бұл қызметтер үшін төлем бизнес субъектілерінен, бюджеттік ұйымдардан және басқа тұтынушылардан алынды.

Монополист заңсыз әрекеттерден 5,8 млн. теңге сомасында пайда алды.

Аудандық қадағалау органының актісі бойынша облыстың табиғи монополияларды реттеу Департаменті Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабы бойынша халық үшін су құнын м3 үшін 59,79 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушылар үшін м3 үшін 524,34 теңгеге дейін төмендете отырып, уақытша өтемдік тариф енгізе отырып, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Монополист қаражатты өтеуді төмендетілген тарифті қолдану арқылы 2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 қарашаға дейін жүзеге асыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу