Cолтүстік Қазақстан облысында қар жауды

150

Түнімен жауған қардың арты боранға ұласты. 

Cолтүстік Қазақстан облысында қар жауды Фото: oekaterinburg1

Синоптиктердің мәліметінше мұндай ауа райы әлі бір-екі күн сақталатынын айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК СҚО филиалы 9 қазаннан бері қар, боран, көктайғақ жайлы ескертіп жатыр. Қазіргі уақытта облыс батыс циклонының әсерінде. Мұндай қолайсыз ауа райы ертең де сақталады.

Болжам бойынша бүгін өңірдің батыс, солтүстік және шығысында жаңбыр, қар жауады. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетпек. Ал облыстың солтүстігі мен шығысында дауыл тұрып, екпіні 30 м/с жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу