СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні Ақжар ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен астық сақтау қоймасына құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Еңбекті қорғау заңнамасын бұзу дерегіне орай полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы әйел 30 метрлік биіктіктен астық толы қоймаға құлап кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу