Cолтүстік Қазақстанда мүгедектігі барлардың құқығын бұзған 2 шенеунік жауапқа тартылды

186

Онкологиялық дертке шалдыққандардың құқығы бұзылған. 

Cолтүстік Қазақстанда мүгедектігі барлардың құқығын бұзған 2 шенеунік жауапқа тартылды Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары денсаулық сақтау саласына талдау жүргізіп, өрескел заң бұзушылыққа жол берілгенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, онкологиялық дертке шалдыққандардың құқығы бұзылған. СҚО прокуратурасының мәліметінше, медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. 

Қадағалау органының актісінен кейін бұл азаматтарға мүгедектік белгіленді, енді олардың әлеуметтік қолдаудың барлық тиісті түрлерін пайдаланып, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. 

Заң бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу