Қазіргі уақытта тұрғын үйдегі өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үйде өрт кезінде жалғызбасты әке мен оның балалары болған. Бейресми деректерде бес баланың анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болғаны айтылады.
Жантүршігерлік оқиға 23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы, Ступинка ауылында болған. Семиполка ауылдық округі әкімінің дерегінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.
– Жұбайы 2018 жылы қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр еді. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-сынып оқиды, – дейді ауылдық округ әкімі.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық сөндіргені белгілі болды. Өкінішітісі сол, төтеншеліктер әкесі мен төрт баласының өлімін растаған.
– Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру барысында бес адамның мәйіті табылды, олардың үшеуі – бала, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.