COVID-19: Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды

563

Вирус жұқтырғандардың нақты саны әзірге жарияланбады. 

COVID-19: Солтүстік Кореяда локдаун жарияланды

Солтүстік Кореяда COVID-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Мемлекет басшысы Ким Чен Ын бүкіл ел бойынша локдаун енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

12 мамырда Кореяның орталық телеграф агенттігі "елде төтенше жағдай орын алды" деген хабарлама таратқан болатын.

"Эпидемияға қарсы шеп бұзылды.  Екі жыл бойы індеттен қорғап келген еді", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Омикрон Пхеньян қаласында қызуы жоғарылаған науқастар тобын тексеру кезінде анықталды. Жұқтырғандардың нақты саны әзірге жарияланбады.

Осы жайттан кейін КХДР басшысы Ким Чен Ын қауіпсіздік саласындағы олқылықтардың алдын алу үшін қолдан келгенді жасау керектігін мәлім етіп, елдің барлық қалалары мен аймақтарында локдаунды енгізуді бұйырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу