Cу тасқыны: Ақтөбеде облысында құтқарушыларға 1000-нан астам арнайы киім жиынтығы тегін тігілді

609

Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде де белсенділік танытуда.

Cу тасқыны: Ақтөбеде облысында құтқарушыларға 1000-нан астам арнайы киім жиынтығы тегін тігілді Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыстағы тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресушілерге 1057 бірлік арнайы киім тіккен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ыңғайлы және жылы киім жиынтықтары Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының құтқарушылары мен еріктілеріне тегін таратылды.

"Көктемгі су тасқыны біздің аймақтың тұрғындарын әбігерге салды. Біз осындай қолайсыз ауа-райында еңбектеніп, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ", - деді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева, ҚХА Ақтөбе облысының өкілі.

Айта кетейік, "ГЛОБАЛ-Спецодежда" қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде де белсенділік танытуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу