Cу жағасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек

1664

Cу жағасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек

Алакөлдегі шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар 7 адамды ажалдан арашалап қалды.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы көл жағасында демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алакөл жағасында орналасқан Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы қажетті техника, құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген. Мұндағы сүңгуірлер 20-25 метр тереңдікте жұмыс істей алады.

"Бізде 13 адам жұмыс істейді. Араларында медбике бар. Қалған 12-сі сүңгуір-құтқарушылар. Алакөлдің жағасына өткен жылы 500 мыңнан астам саяхатшы келді. Біздің шағын топ солардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Алакөлде шомылу маусымы басталған екі аптаның ішінде суға кеткен 7 адам құтқарылды. Әзірге соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырған оқиғалар болған жоқ. Дегенмен су жағасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек", - деді Алакөл құтқару бөлімшесінің жетекшісі Марат Смағұлов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу